Семейдегі Ертіс өзенінің педагогикалық институт маңындағы бөлігінде шомылуға қауіпті деп танылған аумақта 8 жастағы бала суға батып кетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ескерту белгісі белгісіз адамдар тарапынан бүлінген
Абай облысы ТЖД мәліметінше, аталған жерде шомылуға тыйым салатын ескерту белгісі орнатылған. Алайда белгісіз тұлғалар оны жерден жұлып, майыстырып кеткен.
Соның салдарынан демалушылар қауіпті аумақ туралы маңызды ескертусіз қалған.
Құтқарушылар тұрғындарға үндеу жасады
Құтқарушылардың айтуынша, мұндай жағдайлар бұған дейін де тіркелген. Өткен жылдан бері қауіпті орындарға орнатылған ескерту белгілерінің бірнеше рет жұлынып қалғаны анықталған.
ТЖД тұрғындарды ескерту белгілерін бүлдірмеуге шақырып, олардың адам өмірін сақтап, қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін орнатылатынын еске салды.
