Басты бет / Жаңалықтар /
коммуналдық желілер, құбыр
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының Жетісу ауданында коммуналдық желілер жаңарып жатыр

Алматының Жетісу ауданында 2026 жылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша сегіз жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Су, кәріз және жылу желілері жаңартылады

Әкімдіктің мәліметінше, жоба аясында 7 шақырымнан астам су құбыры мен шамамен 1 шақырым кәріз желісі жаңартылады.

Сонымен қатар 2-ші Гончарная көшесінде ұзындығы 340 метр болатын жылу желілерін қайта жаңғырту басталды. Қазір бұл аумақта уақытша желілер тартылған. Жобаны үш ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Электр желілерін жаңғырту жыл соңына дейін аяқталады

Ауданда кернеуі 6-10 кВ болатын кабельдік электр желілерін жаңғырту жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Әкімдіктің мәліметінше, негізгі жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау көзделген.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok