Басты бет / Жаңалықтар /
Риддер ЖЭО
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Қазақстандағы ЖЭО-лар қысқы маусымға дайын ба?

Қазақстандағы жылу электр орталықтарында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Үкіметтің мәліметінше, биыл ел бойынша тоғыз энергоблокқа, 55 қазандыққа және 51 турбинаға күрделі жөндеу жасау жоспарланған.

Жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр

Энергетика нысандарындағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес атқарылып жатыр. Кейбір жылу электр орталықтарында жөндеу кезінде бұрын анықталмаған жасырын ақаулар табылып, оларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Қазір екі энергоблок толық дайын болса, тағы екі энергоблокта жөндеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар 13 қазандық пен сегіз турбина жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Электр және жылу желілері де жаңартылып жатыр

Елімізде шамамен 6,3 мың шақырым электр беру желісі, 135 қосалқы станса және 1 253 тарату пункті жөнделді. Жыл соңына дейін 17 мың шақырымнан астам электр желісі мен 3,4 мыңнан астам тарату пунктін жаңарту жоспарланып отыр.

Жылу желілеріне қатысты жоспарланған 377 шақырым құбырдың 65 шақырымы пайдалануға дайын. Қазір тағы 278 шақырым жылу желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкіметтің мәліметінше, барлық жұмыс белгіленген мерзімге сәйкес орындалып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram