Басты бет / Жаңалықтар /
телефон, әлеуметтік желілер, қоңырау, инстаграм, телеграм
Фото: Ерқанат Аманкел

Әлеуметтік желіде қандай мәліметтерді жариялауға болмайды?

Ішкі істер министрлігі жасөспірімдерге интернет кеңістігінде жеке қауіпсіздікке ерекше мән беру қажеттігін ескертті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомство әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді ашық жариялау түрлі қауіпке әкелуі мүмкін екенін айтты.

Қандай мәліметтерді жарияламау керек?

Министрлік мекенжай, телефон нөмірі, мектеп атауы, сабақ кестесі және адамның орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да жеке ақпараттарды жарияламауға кеңес берді.

Сонымен қатар геолокациясы көрсетілген фото мен стористерді нақты уақытта емес, сол жерден кеткеннен кейін жариялау, достар қатарына тек жеке танитын адамдарды қосу және парақшаның құпиялық баптауларын реттеу ұсынылды.

Күмәнді адамдар туралы ересектерге хабарлау қажет

ІІМ бейтаныс адамдарға жеке фотоларды, құжаттарды және құпия ақпараттарды жібермеуге, ал күмәнді аккаунттармен байланысты бірден тоқтатып, оларды бұғаттауға шақырды.

Егер бейтаныс адам жеке мәліметтерді сұраса, жүрген жерін білетінін айтса немесе қорқытуға әрекеттенсе, бұл туралы ата-анаға, заңды өкілге немесе сенімді ересек адамға міндетті түрде хабарлау қажет екені ескертілді.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok