Басты бет / Жаңалықтар /
газ, табиғи газ
Freepik AI

27-31 шілде аралығында Алматының бірқатар көшесінде газ болмайды

Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде 27-31 шілде аралығында табиғи газ беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Газ желілері қайта орналастырылады

Әкімдіктің мәліметінше, Төле би көшесін ұзарту құрылысы аясында диаметрі 520 және 720 мм болатын жоғары қысымды газ желілерін қайта орналастыру жұмыстары жүргізіледі.

Газ қай аумақта өшіріледі?

Осыған байланысты 27 шілде сағат 09:00-ден 31 шілде сағат 18:00-ге дейін Момышұлы көшесі, Абай даңғылы, Строительная көшесі, Мөңке би көшесі және Фариза Оңғарсынова көшесі аралығындағы аумақта табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.

Әкімдік тұрғындардан қажет дайындық жұмыстарын алдын ала жүргізіп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram