Алматының Ақсай шағынауданында болған жанжал кезінде бір жігіт пышақ жарақатын алды. Оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен алты жас ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Күдіктілердің киімінен қанға ұқсас іздер табылған
Полицияның мәліметінше, 26 шілдеге қараған түні «102» арнасына қолдарында пышағы бар жастар тобы жүргені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер жанжал салдарынан бір адамның пышақ жарақатын алғанын анықтаған.
Жедел іздестіру шаралары барысында «Буран-308» экипажы оқиғаға қатысы болуы мүмкін алты жасты ұстады. Олардың кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер табылып, тергеу үшін маңызды заттай айғақтар тәркіленді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция жанжалдың мән-жайын анықтап жатыр
Ұсталғандардың барлығы тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Қазір полиция жанжалдың шығу себептерін, әр қатысушының рөлін және пышақ жарақатын салуға тікелей қатысы бар адамды анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
