27 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі аптап ыстық ауа райы күтіледі. Елдің батысында ауа температурасы +44 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Батыста +44 градусқа дейін ыстық болады
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Ақтауда күндіз ауа температурасы +42…+44 градусқа дейін көтеріледі. Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында +38…+40 градус ыстық күтіледі.
Ал Алматыда күндіз +31…+33 градус, Астанада +30…+32 градус болады.
Солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады
Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Қалған өңірлерде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Шымкент пен Түркістанда күндіз екпінді жел соғады.
