Алматыдағы Түрксіб ауданында полиция есірткі сататын интернет-ресурсты жарнамалайтын QR-коды бар жапсырма таратқан ер адамды ұстады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Күмәнді жапсырмаларды учаскелік полиция инспекторы байқап қалған. Тексеру барысында QR-кодтың есірткі тарататын және есірткі сататын сайттың жарнамасы бар интернет-ресурсқа бағыттайтыны анықталған.
Жедел тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оны ұстады. Ол Талғар ауданының 25 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Полиция мәліметінше, ер адам есірткіге тәуелді болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ұсталған азаматтан тағы QR-коды бар ондаған типография жапсырмасы тәркіленді. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.
Есірткі сататын ресурстардың жарнамасы бар жапсырманы байқаған азамат, мүмкін болса өз бетінше алып тастауға немесе 102 нөміріне хабарлауына болады. Құқық қорғау органдарының айтуынша, жойылған әрбір QR-код тыйым салынған заттардың таралуын шектеуге көмектеседі.
