Басты бет / Жаңалықтар /
мопед, мопедші балалар
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Түркістанда 100-ге жуық мопед пен самокат айыппұл тұрағына қойылды

Түркістанда мопед, электроскутер және электросамокат жүргізушілеріне бақылау күшейді. Биылғы жылдың басынан бері 100-ге жуық көлік құралы, оның 32-сі осы аптада айыппұл тұрағына қойылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Polisia.kz дерегінше, рейд барысында полицейлер:

  • тіркелмеген транспортты басқарғандарды;
  • жүргізуші куәлігінсіз жүргендерді;
  • қорғаныс шлемінсіз жүрген жүргізушілерді анықтады.

Ереже бұзғандарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. ІІМ мопед, электроскутер және электросамокат иелерін жол ережесін сақтауға және қажет құжаттарды уақытылы рәсімдеуге шақырды.

Былтырғы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда мопедтер механикалық көлік құралына теңесті. Олардың иесі көлікті тіркеп, мемлекеттік нөмір алуға, міндетті сақтандыруды рәсімдеуге және тиіс санаттағы жүргізуші куәлігін алуға міндетті. Талап бұзған жүргізушіге айыппұл салынады, ал көлік арнайы тұраққа эвакуациялануы мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram