Басты бет / Жаңалықтар /
телефон, әлеуметтік желі, ютуб
Фото: Ерқанат Аманкел

Виетнам 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруін шектеуі мүмкін

Виетнам үкіметі 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіріп, онлайн ойын ойнауына шектеу қоятын заңды қарап жатыр. Жаңа талап бойынша, аккаунт міндетті түрде расталып, ата-ананың бақылауы артады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Anadolu Ajansi басылымының хабарлауынша, жаңа заң жобасы әлеужелі мен онлайн ойындардағы аккаунттың ресми расталуын қамтиды. Бұл жалған аккаунттардың ашылуын, интернеттегі қауіпсіздіктің артуын және пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында ұсынылып отыр.

Ұсыныс мәдениет, спорт және туризм министрлігі ұйымдастырған семинарда талқыланған. Жоба бойынша, 16 жасқа толмаған балалардың аккаунтын ата-анасы немесе қамқоршысы міндетті түрде тіркеп, басқаруға тиіс.

Сонымен қатар цифрлық платформалардан балалардың жас ерекшелігін анықтайтын техникалық жүйені енгізу, жасына сай контент ұсыну, жеке деректерді қорғау және зиян контентті бұғаттау талап етілуі мүмкін.

Жоба онлайн ойындардағы аккаунттарды тексеру тәртібін де қатаңдатуды ұсынады. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың ойын ойнау уақытына қатысты шектеулерді қайта қарау, денсаулыққа келетін зиян туралы ескерту енгізу және жас санатына қарай жіктеу стандартын жаңарту жоспарланып отыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok