Басты бет / Жаңалықтар /
күлкі, қыздар
Видеодан үзінді

Қаладан ауылға барған қыздардың видеосы желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Әлжеліде Астанада тұратын қыздардың ауылға барғаннан кейінгі көңілді өзгерісін көрсеткен видео желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қысқа роликте бастапқыда елордадағы қалыпты өмірін көрсеткен бойжеткендер ауылға барған соң мүлде басқаша өзгереді. Ауыл тіршілігіне тез бейімделген қыздардың бейнесі көрермендерді күлкіге қарық қылды.

Видео авторы қала мен ауыл өмірінің айырмашылығын әзіл арқылы жеткізген. Желі қолданушылары да пікір қалдырып, өздерінің дәл осындай жағдайды бастан өткергенін жазып жатыр.

«Ауылға барсақ, біз де осылай өзгереміз», «Тура біз ғой», «Ауыл атмосферасы бәрін өзгертеді екен» деген пікірлер видео астында жиі кездеседі.

Жарияланған ролик аз уақыттың ішінде мыңдаған қаралым жинап, әлжеліде кеңінен таралып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🌙Tan.Adiletkizi (@tan.adiletqyzy)

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook