2026 жылғы 16 шілдеде Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалына қарасты Камышенка орманшылығының аумағында орманнан өрт шыққан еді. Өрт әлі сөндіріліп жатыр. Орманнан шыққан өрт қылмыстық бап бойынша тергеледі. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
Абай облысы ТЖД мәліметінше, өрт шыққан аймаққа жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары мен балалар лагерінде болған балалар алдын ала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта орман өрті сөндіріліп жатыр.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеті жүріп жатыр.
Естеріңізге салайық, 16 шілдеде «Семей орманынан» өрт шығып, өртті ауызықтауға 600-ден астам адам, 160-тан астам жерүсті техникасы және жеті тікұшақ тартылған еді.
