Басты бет / Жаңалықтар /
аэротакси
Фото: Gov.kz

Астанада алғаш рет әуе таксиі сынақтан өтті

2026 жылғы 24 шілдеде Астанада электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемесі (eVTOL) негізіндегі әуе таксиі алғаш рет сынақтан өтті. Сынақ «Қазанат» ипподромының аумағында өтті. Бұл – Қазақстанда қала әуе мобильділігін дамыту жобасын іске асырудағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Демонстрациялық ұшуды  Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) Қазақстан компаниясы AutoFlight Қытай компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Ұшу үшін бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған AutoFlight Prosperity электрлі әуе кемесі пайдаланылды. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес сынақ ұшуы жолаушыларсыз өткізілді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қала әуе мобильділігін енгізудің құқықтық және инфрақұрылымдық негізін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемелерін (eVTOL), вертипорттарды және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйелерін реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылданып, жаңа технологияларды елдің көлік жүйесіне қауіпсіз енгізуге қажетті жағдайлар жасалып жатыр.

Демонстрациялық ұшудан кейін AutoFlight Prosperity әуе кемесі 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін Future Games 2026 халықаралық фиджитал турнирінде көпшілік назарына ұсынылады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok