Басты бет / Жаңалықтар /
робот
Фото: Жасанды интеллект

Үй жинап, ыдыстарды реттейді: Қытайда жаңа гуманоид робот таныстырылды

Қытайдың Unitree компаниясы жасаған гуманоид робот үй шаруасындағы жұмыстарды істеп үйренді. Бұл туралы әзірлеуші компания әлжелілердегі парақшасында хабарлады.

Компания мәліметінше, G1 андроид роботы адам тапсырмаларын орындай алады. Ол UnifoLM-OminiA-0.3 жасанды интеллект моделі арқылы жұмыс істейді.

Unitree жариялаған бейнероликте роботтың бірнеше тұрмыс жұмысын істей алатыны көрсетілген. Ол еденде жатқан жастықтарды анықтап, жинап алып, диванға ұқыпты қоя алады. Киімдерді кір себетіне салып, тәрелкелерді ыдыс жуғыш машинаға сала алады.

Бұдан бөлек, бейнероликтің соңында робот адамның өтініші бойынша аурухана төсегінің биіктігін қолмен реттейді.

Әзірлеуші компания видеодағы мүмкіндіктердің сынақ жағдайында көрсетілгенін атап өтті. Сондықтан компанияның барлық роботы дәл осындай әрекеттерді орындай алмайды.

Unitree компаниясы 2016 жылы құрылған. Оның штаб-пәтері Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласында орналасқан.

Компания шығаратын гуманоид роботтар мен робот-иттер Қытайда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал. Биыл шілде айының басында Қытайдың Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы Unitree компаниясының Шанхай қор биржасында алғашқы жария акция орналастыруын (IPO) мақұлдады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram