Қазақстан паспорты әлемдегі ең ықпалды төлқұжаттар рейтиңінде 63-орынға жайғасты. Бұл туралы Henley Passport Index 2026 рейтиңінде көрсетілген.
Қазақстан төлқұжаты 63-орынға жайғасты
Рейтиңке сәйкес, Қазақстан азаматтары 77 елге алдын ала виза рәсімдемей немесе жеңілдетілген тәртіппен бара алады. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Таиланд және Боливиямен бірдей орынға ие болды.
Рейтиңте Қазақстан Ресейден кейін орналасқан. Ресей 47-орында тұр, оның азаматтары 114 бағытқа визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен саяхаттай алады.
Әлемдегі ең мықты паспорт – Сингапурдікі
2026 жылғы рейтиңтің көшін Сингапур бастап тұр. Бұл елдің азаматтары әлемнің 192 бағытына визасыз бара алады.
Екінші орынды Жапония, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктері бөлісті. Бұл елдердің төлқұжат иелері 188 бағытқа еркін саяхаттай алады.
Үшінші орында – Швеция (187 бағыт), ал төртінші орынға Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Ирландия, Италия, Люксембург, Нидерланд, Норвегия және Испания жайғасты.
Рейтиң қалай жасалады?
Henley Passport Index әлемнің 199 елінің төлқұжатын олардың визасыз немесе келген кезде виза рәсімдеп бара алатын бағыттарының санына қарай бағалайды. Индексте электронды кіруге рұқсат (eTA) берілетін бағыттар да ескеріледі.
2026 жылғы рейтиңтің соңында Ауғанстан тұр. Бұл елдің азаматтары небәрі 22 бағытқа ғана визасыз немесе жеңілдетілген тәртіппен бара алады.
Сарапшылардың мәліметінше, рейтиңтің көшбасшысы Сингапур мен соңғы орында тұрған Ауғанстан арасындағы айырмашылық 170 бағыт.
