Басты бет / Жаңалықтар /
дәрігер
Фото: Жасанды интеллект

Денсаулық сақтау министрлігі 30-76 жастағыларға маңызды ескерту жасады

Қазақстан тұрғындары тіркелген емханасында профилактикалық скриниңтен тегін өте алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.

Мемлекеттік бағдарлама аясында келесі скриниң тексерулері жүргізіледі:

  • 40-76 жас аралығындағы әйелдерге (әр екі жыл сайын) – сүт безі обырын ерте анықтау скриниңі;
  • 30-74 жас аралығындағы әйелдерге (әр төрт жыл сайын) – жатыр мойны обырын ерте анықтау скриниңі;
  • 50-76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге (әр екі жыл сайын) – колоректалды обырды ерте анықтау скриниңі;
  • 50-76 жас аралығындағы ерлерге (әр екі жыл сайын) – ми қан айналымының бұзылыстарын ерте анықтау скриниңі.

Алматы қаласындағы №11 қалалық емхананың профилактика бөлімінің меңгерушісі Алёна Ришатовна Зекунованың айтуынша, көптеген қауіпті аурулар бастапқы кезеңде ешқандай белгі бермей өтеді.

«Скринингтік тексерулер ауруды алғашқы белгілері пайда болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді. Дерт неғұрлым ерте анықталса, емдеу соғұрлым тиімді болып, асқыну қаупі төмендейді. Сондықтан профилактикалық тексерулерден жүйелі түрде өтіп, денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаған жөн», – деді Алёна Зекунова.

Министрлік скриниң тексерулерінің мемлекеттік бағдарламалар аясында тегін жүргізілетінін атап өтті.

Тұрғындар жасына байланысты скриниңтен өту қажеттігін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден біле алады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Денсаулық сақтау министрлігі (@healthcare.gov.kz)

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook