Басты бет / Жаңалықтар /
интернет алаяқ
Иллюстрация: Dribbble.com ©Vladimir Garabas

ІІМ ескерту жасады: оқуға қабылдау туралы SMS-хабарламалар жалған

Қазақстан Ішкі істер министрлігі ведомстволық оқу орындарына қабылданғаны туралы тарап жатқан SMS-хабарламалардың жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, соңғы уақытта талапкерлерге ІІМ-нің білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы жалған хабарламалар жіберіліп жатыр. Министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және ІІМ-ге ешқандай қатысы жоқ екенін ескертті.

ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта қабылдау науқаны әлі аяқталған жоқ. Іріктеудің барлық кезеңі жалғасып жатыр, ал қабылдау белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау қорытындысы барлық конкурстық кезеңдер аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана белгілі болады. Нәтижелер талапкерлердің «Qyzmet police» ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетінде жарияланады.

Министрлік «Qyzmet police» жүйесі талапкерлерге оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарламалар жібермейтінін де ерекше атап өтті.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды күмәнді хабарламаларға сенбеуге, ондағы сілтемелерге өтпеуге, жеке мәліметтерін ешкімге бермеуге және тек ІІМ-нің ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуге шақырды.

хабарлама
Telegram /@POLICE_of_KZ

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram