Басты бет / Жаңалықтар /
мерген, олимпиада
Фото: Olympic.kz

Қазақстан мергендері әлем чемпионатында алтын мен қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден (қозғалмалы нысана) әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазақстан спортшысы Фатима Ирназарова 10 метр қашықтықтағы қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионы атанды. Финалда ол Украина өкілі Виктория Рыбовалованы жеңіп, алтын медаль иеленді.

Ал қола жүлде үшін өткен кездесуде тағы бір Қазақстан спортшысы Зухра Ирназарова Венгрия өкілі Бьянка Барбара Фаркашне Кецелиден басым түсіп, үшінші орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы жүлде қоржынына бір алтын және бір қола медаль қосты.

Айта кетейік, нысана көздеуден (қозғалмалы нысана) әлем чемпионаты Эстония астанасы Таллинде өтіп жатыр. Қазақстандық мергендердің бұл жетістігі ұлттық құраманың халықаралық аренадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook