Басты бет / Жаңалықтар /
8e70b23b8a48b58756f65d1287010590 Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен кейін жаңа альбомын ұсынды
Фото: @erke_esmahan/instagram

Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен кейін жаңа альбомын ұсынды

Қазақстан әншіcі Ерке Есмахан көптен күткен жеке альбомын шығарды. Альбомға 9 ән енген және олардың әрқайсысына жеке бейнебаян түсірілген. Барлық бейнебаян ресми YouTube арнасында жарияланған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Дәл қазір арқамнан жүк түсіп, қуанышым қойныма сыймай, шығармашылық ләззат алып отырмын!», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.

«Дауыс» альбомына енген әндер:

  • «Наз»;
  • «Бұрымы аппақ Анашым»;
  • «Әлди-әлди»;
  • «Гүлдер-ай»;
  • «Тарам-тарам»;
  • «Бақытты қыз»;
  • «Сен»;
  • «Алматы» (RaiM-мен дуэт);
  • «Өзіңді сүй».

Жобаның музыкалық концепциясын әзірлеуге әншінің жұбайы, RaiM де атсалысқан. Альбомдағы жалғыз дуэт шығарма – «Алматы» әні.

Бұған дейін Ерке Есмахан үш жыл бойы декреттік демалыста болғанын айтып, осы уақыт ішінде жазылған жаңа әндерін бір альбомға топтастырғанын мәлімдеген еді. Әншінің сөзінше, альбомды дайындау жұмыстары алты айға созылған.

Ерке Есмахан - Дауыс (Official full album)

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook