Басты бет / Жаңалықтар /
Аптап ыстық
Фото: Mymcmedia.org

24 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде +39 градусқа дейін ыстық болады

24 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. «Қазгидромет» мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы біршама төмендейді. Бұл – циклонмен бірге келген салқын ауа массаларының әсері.

Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Иран аумағынан келетін жылы әрі құрғақ ауа массаларының әсерінен өңірде күн қатты ысиды.

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында күндіз ауа температурасы +34…+39 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір аудандарда аптап ыстық бұдан да жоғары болуы ықтимал.

Ал Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді. Найзағай кезінде ашық алаңда ұзақ болмау, көлікті ағаштардың астына қоймау, ал аптап ыстықта күннің ең ыстық уақытында сыртта көп жүрмеу және жеткілікті мөлшерде су ішу ұсынылады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram