Басты бет / Жаңалықтар /
261cdba80aeb938716b5c72105eeaccf Нұркен Асанов: «Азаматтық қоғамның санасын оятып, тілмен емес тірлікпен іс қылалық»
Фото: Сенімен болашақ РҚБ

Нұркен Асанов: «Азаматтық қоғамның санасын оятып, тілмен емес тірлікпен іс қылалық»

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Тектілер ту көтереді» республикалық БАҚ өкілдері арасындағы шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Елдік мүдде, ұлт болашағы – «Тектілер ту көтереді» қағидасы»

Іс-шараға «Сенімен Болашақ» бірлестігінің құрылтайшысы, байқау идеясының авторы Нұркен Асанов, бірлестік төрағасы Гүлшат Серікбекова, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, журналистер мен бірлестіктің жанашырлары қатысты.

Бұл туралы идея авторы Нұркен Асанов Facebook парақшасында қазіргі кезеңде қоғамның рухани тұтастығы мен ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесі ерекше маңызды екенін атап өтті.

«Елдік мүдде, ұлт болашағы, ұрпақтың келешегі жолында «Тектілер ту көтереді» қағидасын ұстана отырып, ел болып ағартушылықпен айналысып, ой оятып, тілмен емес тірлікпен жұмыла еңбектенуіміз қажет», – деді ол.

Сондай-ақ құрылтайшы журналистиканың қоғамдағы ағартушылық миссиясына ерекше тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдарының елдік мүддеге қызмет етудегі рөлін жоғары бағалады.

«Біздер, «Сенімен Болашақ» азаматтық қоғам өкілдері ретінде халыққа қызмет етуді басты міндет санасақ, БАҚ өкілдерінің де міндеті – ақпарат алаңындағы ағартушылық арқылы қоғамға, елдік мүддеге қызмет ету. Ал елдік қызмет, қоғамға жақсылық ойлап, әділеттілікті ту еткен журналистерді де бағалау, құрметтеу әрбір азаматтық қоғамның міндеті болса керек деген ниетпен үлкен бәйге болмаса да, кішігірім ынталандыру жарысын ұйымдастырған жағдайымыз бар», – деді Нұркен Асанов.

Ол алдағы уақытта мұндай шығармашылық байқаулар мен конкурстардың ауқымы кеңейетінін айтып, журналистерді қоғамға пайдалы әрі құндылыққа негізделген ақпарат таратуға шақырды.

Сөз соңында Нұркен Асанов: «Қазақтың сорына емес, бағына қызмет етелік» деген тілегін білдіріп, қалам иелеріне қоғамның жүрегіне жол табатын, ұлт мүддесіне қызмет ететін шығармалар жазуға үндеу жасады.

«Тектілер ту көтереді» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Байқауға еліміздің барлық өңірінен 50-ге жуық баспа, интернет-басылым, радио және телеарна журналистері қатысып, ұлттық тәрбие, қоғамдық сана, ортақ жауапкершілік, рухани мұра және азаматтық ұстаным тақырыптарындағы шығармаларын ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен төрт негізгі номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • «Баспа басылымындағы үздік мақала» – Павлодар облысы, Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің бас редакторы Жанаргүл Қадырова;
  • «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым»Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Мақпал Жұмашова;
  • «Республикалық баспа басылымындағы үздік мақала»«Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің тілшісі Сәндібек Пренов;
  • «Үздік радио немесе YouTube бағдарламасы»QAZAQ RADIOLARY ЖШС-нің «Шалқар» ұлттық радиоарнасының радиожурналисі Гүлнұр Омарханқызы.

Сонымен қатар арнайы жүлделер Qamshy.kz, Павлодар облыстық «Ertis» телеарнасы, Қызылорда облыстық «Qyzylorda» телеарнасы, «Мұнара» газеті, Qaz365.kz интернет-порталы, Жамбыл облыстық «Jambyl-Taraz» газеті, Қарағанды облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газеті, Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі, Dauletten.kz ақпараттық сайты, Президент телерадиокешенінің «JIBEK JOLY» радиосы және Павлодар облыстық «Halyq» радиосының өкілдеріне табысталды.

Марапаттау рәсімінен кейін «Сенімен Болашақ» бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов әлеуметтік желідегі парақшасында байқаудың мәні мен ұйымның бес жылдық қызметіне тоқталды.

Оның айтуынша, «Сенімен Болашақ» бірлестігінің құрылғанына бес жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ұйым еліміздің 16 өңірінде 350 мыңнан астам ата-ана мен азаматтық қоғам өкілдерін қамтып, 17 435 іс-шара, 57 форум, 5 симпозиум, 3 767 семинар-тренинг, 300-ден астам конкурс және 20 әлеуметтік жобаны жүзеге асырған.

d8778a176896f236997798cf82b78fc7 Нұркен Асанов: «Азаматтық қоғамның санасын оятып, тілмен емес тірлікпен іс қылалық»
Фото: Сенімен болашақ РҚБ

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook