Басты бет / Жаңалықтар /
айыппұл, көрші, шу,
Фото: Жасанды интеллект

Қазақстанда кешкі сағат 22.00-дейін кейін шуласаңыз, қанша айыппұл төлейсіз?

Қазақстанда азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Заң бойынша түнгі уақытта қатты шу шығарып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге немесе тұрғындар демалысына кедергі келтіруге болмайды. Ал заңға бағынбағандарға айыппұл салынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қай уақытта шулауға тыйым салынады?

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 437-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың демалысы мен тыныштығын бұзуға:

  • жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін;
  • демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10:00-ге дейін тыйым салынады.

Бұл талап тұрғын үйдің ішінде де, оның маңында да шұғыл қажет емес, қатты шу шығаратын жұмыстарға қатысты. Мысалы, перфоратормен қабырға бұрғылау, балғамен жұмыс істеу немесе басқа да қатты дыбыс шығаратын жөндеу жұмыстарын осы уақытта жүргізуге болмайды.

Тұрғын үйлердегі ойын-сауық орындары да осы уақыт аралығында тұрғындардың тыныштығын бұзбауға міндетті.

Тыныштықты бұзғандарға қандай жаза қарастырылған?

Заңға сәйкес, тыныштықты алғаш бұзғаны үшін:

  • жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;
  • шағын кәсіп субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК;
  • орта кәсіп субъектілеріне – 30 АЕК;
  • ірі кәсіп субъектілеріне – 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қайталанса, айыппұлды көбірек көп төлейді

Дәл осындай құқық бұзу әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері артады.

Мұндай жағдайда:

  • жеке тұлғалар 10 АЕК;
  • шағын кәсіп субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар – 40 АЕК;
  • орта кәсіп субъектілері – 60 АЕК;
  • ірі кәсіп субъектілері 150 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Бұл талаптар мақсаты – тұрғындардың түнгі демалысына қолайлы жағдай жасау және көпқабатты үйлердегі көршілердің құқықтарын қорғау. Сондықтан жөндеу жұмыстарын, қатты музыка қоюды немесе басқа да шу шығаратын әрекеттерді заңда белгіленген уақыттан тыс орындау ұсынылады.

Мәселе бейбіт жолмен шешілмеген жағдайда не істеу керек?

Мамандар кез келген жағдайда алдымен мәселені бейбіт жолмен шешуге кеңес береді. Көршілер жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатса немесе қатты музыка қойса, алдымен олармен сөйлесіп, шуды азайтуды немесе жұмысты басқа уақытқа ауыстыруды сұраған жөн. Мұндай келіссөз нәтиже бермеген жағдайда ғана 102 нөміріне хабарласып немесе заңда көзделген тәртіппен шағым түсіруге болады.

Шуға қатысты шағым қалай қаралады?

Көршілермен келісу мүмкін болмаса және шу тұрғындардың тыныштығына кедергі келтірсе, азаматтар полицияға немесе уәкілетті органдарға жүгіне алады.

Түнгі уақытта тыныштық бұзылғаны туралы хабарлама түскен жағдайда полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, жағдайды тексереді. Құқық бұзу расталса, кінәлі тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданылады.

Ал күндізгі уақытта мәселе шу деңгейінің рұқсат етілген нормадан асуына байланысты болса, оны арнайы аккредиттелген ұйымдар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама аясында өлшейді. Шудың белгіленген нормативтен жоғары екені анықталған жағдайда, кінәлі тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram