Басты бет / Жаңалықтар /
Ақша, теңге, қаржы, жалақы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

500 млн теңге: Астанада көршілері мен таныстарын алдаған әйел сотталды

Астанада алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы таныстары мен көршілерінен 500 млн теңгеден астам қаражат жымқырған әйел алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ипотека мен декреттік төлемді сылтау еткен

Бас прокуратураның мәліметінше, сотталған әйел азаматтарды ипотеканы жедел рәсімдеуге, тұрғын үй сатып алуға және декреттік төлемдерді көбейтуге көмектесетінін айтып сендірген.

Ол жәбірленушілерді өзіне ақша беруге, несие рәсімдеуге немесе жылжымайтын мүліктерін кепілге қоюға көндіріп, алынған қаражатты өз пайдасына жұмсаған.

500 млн теңгеден астам залал келтірген

Прокуратураның мәліметінше, алаяқтың әрекетінен жәбірленушілерге 500 млн теңгеден астам материалдық залал келген.

Сот оны кінәлі деп танып, алты жыл сегіз ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар жәбірленушілердің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды, — делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram