Басты бет / Жаңалықтар /
шомылу, судан құтқару, жүзу
Иллюстрация: Pixabay.com

Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып кетті

Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып кетті. Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданының Аққұм ауылында болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жасөспірім сайда шомылмақ болған, бірақ одан шыға алмай қалған. Оның денесін құтқарушылар тек бір күн өткен соң 23 шілде күні таңертең алып шыққан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство тұрғындарды суға шомылуда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмау, сонымен қатар балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы ескертті.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook