Басты бет / Жаңалықтар /
БАО, Алматы таулары, турист, туризм, Үлкен Алматы көлі
Фото: Алматы әкімдігі

Үлкен Алматы көліне апаратын аспалы жол салынады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Үлкен Алматы көлі маңындағы туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған жобалармен танысты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

26,5 шақырым жол жөнделіп, аспалы жол салу жоспарланған

Әкімдіктің мәліметінше, әкімге «Алматы – Космостанция» автожолын және «Алма — Арасан» шипажайына апаратын кіреберіс жолды күрделі жөндеу жобасы таныстырылды. Жоба аясында 26,5 шақырым жол толық жаңартылып, автотұрақ салынады.

Сонымен қатар Үлкен Алматы көліне апаратын аспалы жол станциясының тұжырымдамасы ұсынылды. Жоба экологиялық таза көлік түрін дамытуға және туристердің көлге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Үлкен Алматы көлі, БАО
Фото: Алматы әкімдігі

Үлкен Алматы көліне 5,3 шақырымдық туристік соқпақ салынады

Жоба аясында ұзындығы 5,3 шақырым болатын заманауи туристік соқпақ салынады. Маршрут бойында бағыттаушы белгілер, ақпараттық стендтер, демалыс орындары, шолу алаңдары, фотоаймақтар, баспалдақтар мен өткелдер орнатылады, — делінген хабарламада.

Жұмыс сапарының қорытындысында Дархан Сатыбалды барлық жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, сонымен қатар экологиялық талаптарды қатаң сақтауды тапсырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook