Басты бет / Жаңалықтар /
көлік жүксалғышы, адам ұрлау, ұрлық,
Фото: Depositphotos.com

Ақтөбеде бір топ еркек таксиде отырған адамды көлік жүксалғышына салып әкеткен

Ақтөбеде бірнеше ер адам таксиде отырған азаматты күштеп көліктен шығарып, Lexus автокөлігінің жүксалғышына салып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Оқиға бойынша адам ұрлау дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиға бейнетіркегішке түсіп қалған

Полицияның мәліметінше, 102 арнасына бір азаматтың күштеп көліктің жүксалғышына салынып әкетілгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға сәті жолдан өтіп бара жатқан автокөліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Бұл жазба тергеу барысында негізгі дәлелдердің бірі ретінде пайдаланылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімшенің қолдауымен күдіктілер мінген Lexus автокөлігін тоқтатып, оларды ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жол үстіндегі жанжал себеп болған. Кейін күдіктілер жәбірленушіні үйінің маңында күтіп, таксиге мінген сәтінде жолын бөгеп, күштеп көліктен шығарып әкеткен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok