Басты бет / Жаңалықтар /
теңге, ақша, жалақы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Түркістанда жалған несие рәсімдеген қылмыстық топ мүшелері сотталды

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесіне сот үкімі шықты. Олардың әрқайсысы қылмыстағы рөліне қарай 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жалған шаруашылықтар арқылы несие рәсімдеген

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2016–2021 жылдары «КТ Яссы Несие» ЖШС басшылығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ірі қара мал сатып алуға арналған бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Олар жалған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерді тіркеп, қолдан жасалған бизнес-жоспарлар, жалған құжаттар және іс жүзінде жоқ кепіл мүлкі арқылы несие рәсімдеген.

Мемлекет кірісіне ондаған мүлік тәркіленді

Тергеу барысында 33 қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, 24 жалған несие рәсімделген. Кепіл ретінде іс жүзінде жоқ 54 нысан ұсынылған.

Сот шешімімен мемлекет кірісіне 19 тұрғын үй, 10 жер учаскесі, екі пәтер, төрт коммерциялық үй-жай және төрт автокөлік тәркіленді.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram