Басты бет / Жаңалықтар /
батарея, қуаттағыш
Фото: Жасанды интеллект

Арзан қуаттағыштың құны қымбатқа түсуі мүмкін: сарапшылар ескерту жасады

Арзан қуаттағыш құрылғылар ақша үнемдеуге көмектескенімен, денсаулық пен мүлікке қауіп төндіруі мүмкін. Ресейдің Роскачество ұйымы 20 желі қуаттағышын зерттеп, олардың 13-і қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қандай кемшіліктер анықталды?

Сарапшылар құрылғыларды сапа, қауіпсіздік және таңбалану талаптары бойынша 37 көрсеткіш арқылы тексерген.

Ең көп кемшіліктер B Y Original, GQbox, Hoco, Borofone, Digma, Borasco және Flarx маркаларынан анықталған.

Атап айтқанда:

  • электр оқшаулау талабына сай болмауы;
  • жанғыш материалдардың қолданылуы;
  • ток соғу қаупінің жоғары болуы;
  • өрт шығу қаупі;кейбір кабельдердің оқшаулағыш қабатындағы қорғасын мөлшерінің рұқсат етілген нормадан жоғары болуы.

Мысалы, Flarx қуаттағышы кабельдің оқшаулағыш қабатындағы қорғасын мөлшері рұқсат етілген нормадан асып кеткендіктен, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеді.

Қай қуаттағыштар талапқа сай келді?

Зерттеу нәтижесі құрылғы бағасы мен қауіпсіздік деңгейі арасында белгілі бір байланыс бар екенін көрсетті.

Ең көп заңбұзушылық 4 800 теңгеден арзан қуаттағыштар арасында анықталған.

Барлық талапқаа сәйкес келген модельдер:

  • Baseus
  • Qilive
  • Ugreen
  • Xiaomi
  • Anker
  • Realme
  • Commo

Ал Apple мен Samsung құрылғыларында кейбір ескертулер болғанымен, олар өрт шығу қаупіне қатысты емес екені айтылды.

Қауіпсіз қуаттағышты қалай таңдауға болады?

Мамандар қуаттағыш сатып аларда мына кеңестерді ескеру керектігін айтты:

  • танымал бренд өнімдерін таңдау;
  • тек ресми сатушылардан сатып алу;
  • күмәнді арзан өнімдерден бас тарту;
  • сертификаты жоқ немесе қолдан жасалған өнімдерді пайдаланбау.

Сарапшылардың пікірінше, бұл электр тогынан зақымдану, өрт шығу және сапасыз өнімді таңдау қаупін азайтады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram