Көкшетауда 22 шілдеде болған қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы бозбала тоқ соғып, қайтыс болды. Оқиға кезінде оның жанында болған 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қатты желден металл электр желісіне құлаған
Алдын ала мәлімет бойынша, 18 және 17 жастағы екі жігіт металлмен жұмыс істеп жатқанда қатты жел соғып, металл электр желісіне құлаған. Соның салдарынан екеуін де тоқ соққан.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына келгенде 2008 жылы туған жігіттің қаза болғаны анықталған.
17 жастағы жасөспірімнің өміріне қауіп жоқ
Оқиға кезінде зардап шеккен 17 жастағы бозбала ауруханаға жатқызылды.
Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп жоқ.
