Әлеуметтік желіде Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында төбе жабындысының бір бөлігі опырылып түскені түсірілген видео тарады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Кадрлардан панорамалық терезенің жанында еденге шашылған төбе жабындысының сынықтары көрінеді.
Оқиғаға құбырдың зақымдануы себеп болған
«Қазақстан темір жолы» АҚ мәліметінше, оқиға сағат 19:45-те вокзал кешенінің үшінші қабатында болған.
Компанияның хабарлауынша, төбе жабындысының құлауына нөсер канализациясы жүйесі құбырларының қосылған жерінің зақымдануы себеп болған.
Ақау жойылды
Мамандар ақауды жойып, құбырлардың қосылыстарын қалпына келтірген. Кейін бүлінген аумақ тазартылып, ретке келтірілді.
Сонымен қатар вокзал қызметкерлері зақымдалған учаскені тазалап, бөгде заттарды сыртқа шығарған.
