2026 жылғы 24 шілде мен 30 қараша аралығында Алматыдағы Медеу – Тұйықсу автожолында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған кезеңде жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жол арнайы көліктер үшін ашық болады
Алматы әкімдігінің мәліметінше, уақытша шектеу жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтау мақсатында енгізіледі.
Жол төтенше жағдайлар және апаттық қызметтердің көліктеріне, шатқал тұрғындарына және арнайы техникаға ашық болады. Ал Шымбұлақ шатқалындағы туристік нысандар қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.

Туристерге балама бағыт ұсынылды
Жаяу туристер үшін шатқалға кіру мүмкіндігі сақталады. Балама бағыт ретінде «Медеу» бөгеті жанындағы №12 және №21 автобус бағыттарының соңғы аялдамасынан басталатын Студенттер соқпағын пайдалану ұсынылады.
Қала тұрғындары мен туристерден сапарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді және жол белгілерінің талаптарын ескеруге шақырылды.
