Басты бет / Жаңалықтар /
KazSat-3R
Фото: Depositphotos.com

KazSat-3R спутниктік жүйесін құруға үкімет резервінен қаржы бөлінді

Үкімет резервінен KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құру жобасына 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жаңа спутник KazSat-3-тің орнын басады

Үкіметтің мәліметінше, бөлінген қаражат қолданыстағы KazSat-3 аппаратын алмастыратын жаңа KazSat-3R спутниктік байланыс жүйесін жасауға бағытталады. Қазіргі KazSat-3 спутнигінің жоспарланған пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады.

Жаңа аппарат ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге және ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік 99%-ға жетті

Қазір KazSat жүйесінің мүмкіндіктерін 19 байланыс операторы пайдаланады. Спутник арқылы телерадио хабарларын тарату, деректерді жеткізу, мобайл байланыс және интернет қызметтері көрсетіледі. Телехабар тарату қызметін 2 миллионнан астам абонент қолданады.

Үкіметтің дерегінше, кейінгі екі жылда жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімді халықтың үлесі 99%-ға жеткен. Бүгінде 4,5 мыңнан астам ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram