Басты бет / Жаңалықтар /
сайлау, референдум
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Құрылтайды сайлау: шетелдегі учаскелердің мекенжайы белгілі болды

Құрылтайды сайлау қарсаңында сыртқы істер министрлігі шетелдегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс кестесі туралы ақпарат жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Шетелде 100-ден астам сайлау учаскесі жұмыс істейді

Комиссиялардың мекенжайлары мен құрамы сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында және Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің ресми ресурстарында жарияланған.

Сайлау учаскелері шетелде 100-ден астам жерде жұмыс істейді. Олар Қазақстанның елшіліктері мен бас консулдықтарының базасында ұйымдастырылады.

Дауыс беру үшін жарамды паспорт қажет

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары сайлаушылар тізіміне енгізілу үшін алдын ала жақын жердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне хабарласуы керек. Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуға тиіс.

Еске салайық, құрылтайды сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 23 шілдеде басталады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram