Басты бет / Жаңалықтар /
Жарық, құстар, ауа райы күз
Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz

Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

23 шілдеде Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Елдің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпіні 25–28 м/с-қа дейін жететін қатты жел күтілсе, батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Нөсер жаңбыр мен қатты жел күтіледі

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және 25–28 м/с-қа дейін жететін жел болжанып отыр.

Алматы облысының таулы аудандары мен Іле Алатауының Медеу және Бостандық аудандарына қарасты таулы бөліктерінде де қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.

Батыс өңірлерде 40 градусқа дейін ыстық болады

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында күндіз ауа температурасы 35–40 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуды, қатты жел мен нөсер кезінде алыс жолға шықпауды және өрт қаупі жоғары аймақтарда қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok