Алматыдағы алғашқы LRT желісінің құрылысы аясында Төле би көшесінің Момышұлы көшесінен Жароков көшесіне дейінгі шығыс бағытындағы учаскесінде жұмыстардың кезекті кезеңі басталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
25 шілдеден бастап тіректер алынады
25 шілдеден бастап бұрынғы трамвай желісінің байланыс торабына тиесілі 165 қолданыстағы тірек алынып, олардың орнына сыртқы жарықтандырудың жаңа сәндік тіректері орнатылады.
Қазір бұл тіректерде электр беру желілері, байланыс желілері, интернет-провайдерлердің желілері және басқа да инженерлік коммуникациялар орналасқан.
Коммуникацияларды 24 шілдеге дейін көшіру қажет
Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы инженерлік желілердің меншік иелері мен пайдаланушы ұйымдарын өздеріне тиесілі желілерді 2026 жылғы 24 шілдеге дейін алып тастауға немесе басқа орынға көшіруге шақырды.
Жобаға сәйкес, құрылыс аяқталғаннан кейін қолданыстағы әуе желілерін жаңа тіректерге қайта орналастыру қарастырылмаған.
