Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты іс бойынша төрт жылға сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылық негізінде бостандыққа шығады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ақпаратты оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растады.
Сот оны бірден босату туралы шешім шығарды
Адвокаттың айтуынша, Степногор қалалық соты Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы актіні қолданып, оны бірден босату туралы қаулы шығарған. Өтелмеген жаза мерзімі үш айдан сәл ғана асқан.
Еске салайық, Бақытжан Байжанов 2024 жылғы 13 мамырда төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы заң аясында оның жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі үштен біріне қысқартылған.
2026 жылғы мамырда Байжанов кассациялық сотқа жүгініп, жазасын жеңілдетуді сұраған. Алайда сот бұрынғы үкімді өзгеріссіз қалдырған.
