Басты бет / Жаңалықтар /
672a912db1d2a6372406342e800b81f2 Бәңкоңнан есірткі әкелмек болған бойжеткенге 16 жыл жаза кесілді
Фото: Sarinform.com

Бәңкоңнан есірткі әкелмек болған бойжеткенге 16 жыл жаза кесілді

Алматыда Тайландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы Қазақстан азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

8,8 келі каннабис сығындысын жеткізуге келіскен

Бас прокуратураның мәліметінше, бойжеткен ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскен.

Алайда ол Алматы әуежайына келген бойда ұсталған.

Прокуратура ескерту жасады

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде таралатын «оңай табыс» пен тегін саяхат туралы ұсыныстар халықаралық есірткі схемаларының бір бөлігі болуы мүмкін екенін ескертті.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай қылмысқа қатысқан адамдардың барлығы, атқарған рөліне қарамастан, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook