Басты бет / Жаңалықтар /
жұмыс, қызметкер, мемлекеттік жұмыс, ноутбук, компьютер, жалау, ту
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Биыл Қазақстанда 249 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 249 598 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны артты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 96 415 Қазақстан азаматы тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 мыңнан астам адамға көп.

Сонымен қатар уақытша жұмысқа орналасқандар саны 115 960 адамнан 76 953 адамға дейін қысқарған.

Жұмыссыздық деңгейі – 4,5%

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 392 мың адамға жетті. Жалдамалы жұмыскерлер саны шамамен 150 мың адамға артқан.

Қазір еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,5%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3% деңгейінде сақталып отыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook