Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауда жүргізілген жеті ірі орын толықтай жойылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
698 әкімшілік хаттама толтырылды
Аудан әкімдігінің мәліметінше, заңсыз сауда жүргізілген аумақтарда киім-кешек, көкөніс, сүт өнімдері мен гүлдер сатылған. Саудамен айналысқан азаматтарға заң талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Жыл басынан бері аудандық полиция басқармасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-бабы бойынша жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден асатын 698 әкімшілік хаттама, ал 505-бабы бойынша жалпы сомасы 5,3 млн теңгеден асатын 1 386 әкімшілік хаттама рәсімдеді.
Сонымен қатар аудан әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері Әуезов ауданында 192 стационарлық емес сауда нысаны бұзылды.
