Басты бет / Жаңалықтар /
Алакөл
Фото: Жетісу облысы ТЖД

Алакөлде 6 шақырымдық қорғаныс бөгеті салынады

Үкімет резервінен Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауын қорғайтын бөгет салу жобасына 3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

6 шақырымдық бөгет салынады

Үкіметтің мәліметінше, бөлінген қаражат ұзындығы 6 шақырым болатын қорғаныс бөгетін салуға бағытталады. Оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылында, ал 3,5 шақырымы Ақши ауылында орналасады.

Бұған дейін 2025 жылы 1,7 шақырым аумақта жағалауды нығайту, жер қазу, бетон құю және габион құрылымдарын орнату жұмыстары аяқталған. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстарының шамамен 25%-ы орындалған.

Жоба жағалаудың шайылуын болдырмауға бағытталған

Үкіметтің мәліметінше, жоба Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи тасымалдануы мен қайта бөліну жүйесін сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қорғаныс инфрақұрылымын қалыптастыру өңірдің туристік әлеуетін дамытуға және демалушылар мен жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram