Басты бет / Жаңалықтар /
көше, көлік, жол, жаңбыр, Алматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жүргізушілерге жаңа талап: 25 тамыздан бастап не өзгереді?

Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңға енген өзгерістер күшіне енетінін мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

65 жастан асқан жүргізушілерге жаңа талап енеді

ІІМ мәліметінше, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс.

Мемлекеттік ақпараттық жүйеде жүргізушінің медициналық тексеруден өткені және көлік басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы расталмаса, оның көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады.

Өрескел құқық бұзғандар теориялық емтиханды қайта тапсырады

Заңда көзделген жағдайларда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін.

Жүргізуші қаулы алған күннен бастап екі ай ішінде дәлелді себепсіз теориялық емтиханға келмесе, оның көлік айдау құқығы тоқтайды.

Көлікті мас күйде айдаған адамның жазасы күшейеді

Көлікті алкоголь, есірткі қолданып немесе уытқұмарлық масаң күйде айдаған адамның жазасы күшейеді. Мұндай жағдайда қылмыстық іс жәбірленушімен татуласқаннан тоқтаса да, құқық бұзушы сегіз жылға көлік айдау құқығынан айырылады. Ал жүргізуші куәлігі жоқ азамат сегіз жыл бойы оны ала алмайды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok