Басты бет / Жаңалықтар /
аэропорт, саяхат, мигрант, шетел азаматы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Литваға жұмыс іздеп барған Қазақстан азаматы алаяқтардың құрбаны болды

Ақтөбе тұрғыны Литвада жоғары жалақылы жұмыс ұсынған хабарландыруға сеніп, жұмысқа орналастыру қызметі үшін 600 мың теңге төлеген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Литвада уәде етілген жұмыс болмаған

«Диапазон» мәліметінше, азамат өз қаражатына Алматыға дейін пойыз билетін, одан әрі Литваға ұшақ билетін сатып алып, оған 365 мың теңге жұмсаған. Сонымен қатар уақытша тұруға рұқсат рәсімдеуге 94 мың теңге төлеген.

Алайда Литваға барған кезде оны ешкім қарсы алмаған, уәде етілген жұмыс та ұсынылмаған. Ақшасы таусылғандықтан, туыстары оған елге қайтуға қаражат жіберген.

Сот арқылы ақшасын қайтарып алды

Азамат Ұлттық тұтынушылар палатасына жүгінген. Палата мамандарының көмегімен сот арқылы ол жұмсаған барлық қаражатын қайтарып алып, моральдық шығын үшін қосымша 200 мың теңге өндіріп алған.

Палата мәліметінше, қазір азамат өз кәсібін ашқан.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok