Басты бет / Жаңалықтар /
Ақорда резиденциясы
Фото: Akorda.kz

Тоқаев Қазақстанның 3 мемлекеттегі елшісін ауыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшісін тағайындады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok