22 шілдеде Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде аптап ыстық сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +36 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Қазгидромет» мәліметінше, елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ пен дауылды жел күтіледі.
Үш ірі қаладағы ауа райы
Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.
Алматыда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +27…+29 градус.
Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай, дауылды жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +30…+32 градус.
Қай өңірлерде ыстық болады?
Ең жоғары температура Атырау облысында тіркеледі. Онда күндіз ауа температурасы +34…+36 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе, Ақтау, Орал, Қызылорда, Түркістан, Тараз, Талдықорған және Өскемен қалаларында күндіз +30 градустан жоғары ыстық сақталады.
Ал Павлодар, Петропавл, Семей, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау және Жезқазған өңірлерінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен қатты жел болжанып отыр.
