Алматыдағы жаңа «Қалқаман» метробекетінің құрылысы аяқталып қалды. Метроның ресми парақшасында алғашқы пойыздың бірі сынақ режимінде жүріп өткені көрсетілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазір метробекеттің құрылысы 97% аяқталған. Қала әкімі Дархан Сатыбалды нысанға барып, құрылыс барысымен танысты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бейнекадрлардан перронда және оның маңындағы барлық аумақ әрленгенін көруге болады. Станцияда қазақ қызы бейнеленген барельеф орнатылған. Әлеужеліде стансаны қыркүйекке дейін ашуды сұрағандар көп. Бұл қала тұрғындарына оқу жылы басталған кезде жұмыс пен оқуға жылдамырақ жетуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге салайық, жаңа метробекеті «Бауыржан Момышұлы» станциясынан кейін Алматы метросының желісін ұзартады. Жаңа станция қаланың батыс бөлігіндегі шағын аудандардың тұрғындарына қала орталығына жылдамырақ жетуге мүмкіндік береді. Кейін метро желісін «Барлық» базарына қарай ұзарту жоспарланып отыр. Ал «Қалқаман» метробекетінің құрылысына 2,9 млрд теңге бөлінген.
