Басты бет / Жаңалықтар /
Нұрай Серікбай
Фото: Әлеуметтік желі

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысы бар сотталушы ауырып, сот тыңдалымы шегерілді

Бүгін Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдалымы өтуі керек еді. Алайда сотталушының денсаулығына байланысты отырыс өтпей, кейінге шегерілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Іс қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша қаралады. Атап айтқанда, аса қатыгездікпен адам өлтіру, сталкиң және некеге тұруға мәжбүрлеу. Қылмысқа қатысты барлық дерек Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

Бүгінгі сот отырысы сотталушы Шерхан Аймаханға ЖРВИ және гипертермиялық синдром диагнозы қойылған соң кейінге қалды.

Шерхан Аймахан дәрігердің шешімімен әзірше сот отырыстарына қатыса алмайды және тергеу мен сот процесіне қатысудан босатылған.

Іске төраға болған судьяның айтуынша, сотталушы қатыспаса сот отырысын өткізу мүмкін емес.

Естеріңізге салайық, қылмыс 11 қаңтар күні кешке Шымкенттегі Төлеметов және Өтегенов көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолағында болған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда қыздың қашуға тырысқаны, кейін қарсылық көрсеткені, ал жас жігіт оны ұрып, пышақпен жарақаттағаны көрінеді. Осыдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Кейін күдікті Шымкенттен 10 шақырым жердегі аумақта ұсталды. 21 жастағы Нұрай Серікбайдың туыстарының айтуынша, күдікті қызды аңдып жүрген.

Сәуір айында күдікті арнайы мекемеге жіберілді. Сараптама нәтижесінде ер адамның ақыл-есі дұрыс деп танылды. Мамыр айының соңында оны Талғардағы медициналық орталықтан Шымкентке қайта ауыстырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram