Басты бет / Жаңалықтар /
сайлау
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

ОСК Құрылтайды сайлауға тағайындалған жаңа байқаушыларды аккредиттеді

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауды бақылайтын халықаралық байқаушылар тобына шетелден жаңа өкілдер қосылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сыртқы істер министрлігі аккредиттеуге төрт шет мемлекеттен 10 байқаушының кандидатурасын ұсынған.

Олардың қатарында:

  • Пәкістаннан –екі кандидат;
  • Индонезиядан – төрт кандидат, оның ішінде Қазақстандағы Индонезия елшісі;
  • Малайзиядан – үш кандидат, оның ішінде Қазақстандағы Малайзия елшісі;
  • Өзбекстаннан – бір кандидат бар.

ОСК мүшелері ұсынылған кандидатураларды аккредиттеді.

Орталық сайлау комиссиясы аккредиттеген халықаралық байқаушылардың саны 86 адам болды.

Бұған дейін халықаралық байқаушылар ретінде ТМД байқаушылар миссиясынан төрт, ТМД парламентаралық ассамблеясынан 19, ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясынан 32 өкіл аккредиттеуге ұсынылды. Сонымен қатар Мальдив, Палестина, Венесуэла, Венгрия, Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан да байқаушылар тіркелді. Бұдан бөлек ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы мен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясынан кандидаттар ұсынылған.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok