Басты бет / Жаңалықтар /
Toyota alphard Nissan elgrand
Фото: Carscoops.com

Қош бол, Toyota Alphard! Nissan 16 жылдан кейін жаңа Elgrand-ты таныстырды

Nissan компаниясы Elgrand премиум минивэнінің жаңа буынын таныстырды. Бұл – соңғы 16 жылдағы алғашқы толық жаңартылған модель. Компания жаңа көлік Toyota Alphard-қа лайықты бәсекелес болады деп үміттенеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ерекшелігі

Жаңа Elgrand Timeless Japanese Futurism фирмасының дизайн тұжырымдамасымен жасалған. Минивэн сыртқы дизайны 2023 жылғы Hyper Tourer концепті негізінде жасалған.

Минивэн үшінші буындағы e-Power гибрид жүйесімен жабдықталған, ал оның айналу моменті 500 Н·м-ден асады, e-4orce технологиясы жабдықталған.

Көлікке жол жағдайына бейімделетін аспа жүйесі, Zero Gravity орындықтары, 14,3 дюймдік екі дисплей, Bose аудиожүйесі, 64 түсті жарық және жеті чемодан сыятын кең жүксалғыш орнатылған.

Бағасы қанша?

Nissan жаңа Elgrand моделін Жапония нарығына шығарды. Бастапқы бағасы 6,87 миллион иеннен (шамамен 42,3 мың АҚШ доллары) басталады.

Компания болашақта модельді басқа нарықтарға шығаруды жоспарлап отыр. Алайда нақты мерзімі әзірге жарияланған жоқ.

Жаңа Elgrand-қа сұраныс көп

Бұл алдыңғы буын моделіне сұраныстың төмендеуінен кейін қолға алынды. 2025 қаржы жылында Nissan Жапонияда небәрі 1 163 Elgrand сатқан. Ал дәл осы кезеңде Toyota 81 357 Alphard минивэнін өткізген.

Соған қарамастан жаңа модельге қызығушылық жоғары. Мамыр айының соңынан бері компания 6 мыңнан астам алдын ала тапсырыс қабылдаған. Оның 5 мыңнан астамын жеке сатып алушылар рәсімдеген.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook