Қаржы министрлігі Қазақстанда азаматтардың жеке дерегі қалай тарайтыны және бұған не себеп екенін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтың айтуынша, биыл Қазақстанда азаматтардың жеке дерегі көптеп таралған жағдайлар тіркелмеген.
Жек деректердің таралуы өте сирек. Жаңалықтарда айтылатын жағдайлар негізінен жылдар бойы жиналған түрлі деректер базасына қатысты. Олар кездейсоқ бұзылып, интернетке тарап кетуі мүмкін. Кейін бұл ақпараттың барлығын жинап, өте үлкен база қалыптастырады, – дейді вице-министр.
Оның айтуынша, мұндай деректер сұлулық салондарынан, білім беру ұйымдарынан, туризм компанияларынан, онлайн-сервистерден және басқа да орындардан жиналуы мүмкін.
Вице-министр жеке дерек таралған жағдайда, тексерісті қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізуге тиіс екенін айтты.
