Басты бет / Жаңалықтар /
egov электрон үкімет
Фото: Baribar.kz

Әлеуметтік маңызы бар мобайл қолданбалар қызметі тегін болады

Қазақстан азаматтары әлеуметтік маңызы бар мобайл қолданбаларды тегін қолдана алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтың айтуынша, киберқауіпсіздікке қатысты қабылданған заң азаматтарға әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар мобайл қолданбаларға тегін қолдануға мүмкіндік береді.

Олардың қатарында eGov, eGov Business, eOtinish, Aitu және басқа да қолданба бар. Толық тізім қаралып жатыр, – дейді Досжан Мұсалиев.

Сонымен қатар абоненттік құрылғыларды верификациялау қызметі мемлекеттің реттеуіне беріледі.

Ұялы телефондарды верификациялау механизмі енгеннен кейін бір жыл ішінде оң өзгеріс байқалған. Сонымен бірге былтыр жүйедегі олқылықтар туралы да қажет ақпарат жиналды. Бұл мәселені құрылғыларды верификациялаудың жаңа ережесі бойынша шешу жоспарда бар.

Естеріңізге салайық, енді ресми мекемеден түскен қоңырау арнайы белгімен көрсетіледі. Бұл жүйе азаматтарды алаяқтардан қорғау мақсатында іске қосылды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook